Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы келді.

Жұмыс сапарларының тығыз кестесіне қарамастан, Шәкәрім Сабырұлы туған оқу ордасына үнемі арнайы келіп, университеттің тыныс-тіршілігімен, ғылыми жобаларымен және жетістіктерімен жақын танысып отырады, білім ордасының бастамаларына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Сапар аясында жас ғалымдармен еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында олар өздерінің ғылыми зерттеулері, жаңа идеялары мен әзірлемелерін таныстырды. Пікір алмасу мазмұнды әрі іскерлік сипатта өтті.

Сонымен қатар, Шәкәрім Сабырұлы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне көмірсутектер мен уран салалары бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Университетке көрсеткен қолдауы, ғылымға деген жанашырлығы және нәтижелі әріптестігі үшін алғыс білдіреміз. Осындай түлектерімізді мақтан тұтамыз!