Біз университетіміздің, Бизнес мектебінің түлегі Анар Бурашеваны шын жүректен құттықтаймыз. Ол Қазақстан тарихында және Орталық Азияда барлық құрлықтың ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш әйел атанып, әйгілі Seven Summits альпинистік бағдарламасын толық орындады.
Бар-жоғы екі жылдың ішінде Анар әлемдегі ең күрделі әрі мағыналы шыңдарға көтерілді:
- Эверест (8818 м),
- Аконкагуа (6962 м),
- Денали (6194 м),
- Килиманджаро (5895 м),
- Эльбрус (5642 м),
- Антарктидадағы Винсон массиві (4897 м),
- Карстенз пирамидасы (4884 м).
Бұл шыңдардың әрқайсысы жай ғана биіктік емес, бұл мінездің, қайсарлықтың, тәртіп пен өзіне деген сенімнің сынағы. Анар Бурашеваның жолы: арманға адалдық пен табандылық болса, қазақ қыздары үшін алынбайтын асу жоқ екенін дәлелдейтін жарқын үлгі.
Біздің университет үшін бұл - айрықша мақтаныш. Анардың жетістігі студенттер мен жас буынға үлкен серпін береді: шектеулер тек өзіміз сенген жерде ғана бар. Оның жеңісі алға ұмтылуға, қиын жолдардан қорықпауға және оқуда, ғылымда, кәсіби өмірде, спортта, жалпы өмірде биік мақсат қоюға шабыттандырады.
Анар Бурашеваны тарихи жетістігімен құттықтай отырып, жаңа асуларды бағындыруды, мықты рух пен жарқын жеңістер тілейміз!
Сіздің жолыңыз бүгінде тарихтың бір бөлігіне айналып, жас қазақстандықтарға жігер беретін үлкен өнеге болды.