Dáýlet Serikbaev atyndaǵy Shyǵys Qazaqstan memlekettik tehnıkalyq ýnıversıteti

Foundation факультеті

"Foundation" факультеті Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Ректорының №56-П бұйрығымен 17 ақпандағы 2017 жылы сапалы білім алушылардың контингентін қалыптастыру мақсатында және университеттің 2016-2018 жылдарға арналған дамыту Бағдарламасына сәйкес құрылды.

Стратегиялық мақсаты - шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдерін және шетел азаматтары тыңдаушыларын университетке түсуге дайындау, бейімділік кезеңінен өтуге көмектесу және академиялық оқуға дағдыларын дамыту.

Факультет міндеттері:

  • Қазақ диаспорасы өкілдері мен шетел азаматтары тыңдаушыларын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқыту;
  • ШҚМТУда  академиялық білім алуға бейімделу және тұлғалық дағдыларын дамыту;
  • Шетелдік білім алушылармен тәрбие жұмысын өткізу және ұйымдастыру, оларды өмір салтымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен, білім беру мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтік актілерімен танысу.

Факультетте "Foundation" бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырады. "Foundation" бағдарламасы - бұл бакалавриат бағдарламаларына академиялық, ғылыми және тілдік қарқынды дайындалу. Университет алдындағы дайындық Бағдарламасының оқыту нәтижелері бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ факультеттері әрі қарай бакалавриат бағдарламаларында білім алу үшін студенттерді қабылдайды.


Foundation факультетінің деканы

Муслиманова Гүлнар Ерсаинқызы

cell-phone +7 777 406 22 55

mail gmuslimanova@mail.ru

 

Foundation факультеті деканының орынбасары

Құсаинов Берік Макетханұлы

cell-phone +7 707 127 43 73

mail berik_kusain@mail.ru

 

Foundation факультетінің әдіскері

Азамбаева Динара Нұрлыбекқызы

cell-phone +7 777 995 40 59

mail DBolatkanova@ektu.kz