Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы

ШҚМТУ-нің инклюзивтік білім берудің ресурстық орталығы (бұдан әрі - орталық) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ -нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05.06.2015 ж. № 03-3 / 532 бұйрығына сәйкес 2014-2020 жж. Әлемнің ең дамыған 30 елінің тізіміне Қазақстанның қосылуы жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құрылған.

Ресурстық орталықтың мақсаты мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандырды инклюзивті оқытуға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуде университеттің қызметін ғылыми, тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік қолдау және үйлестіру болып табылады.

Инклюзивтік білім берудің басты мақсаты денсаулығының шектеулі мүмкіндігі бар студенттердің танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне байланысты , олардың әлеуметтенуіне, бейімделуіне және қоғамға енуіне байланысты білім алу құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Орталық қызметінің міндеттері:

  • ДШМ бар білім алушыларға инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау үлгілерін енгізу;
  • ДШМ бар білім алушыларға үшін оқу үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу (модельдер, дамыту, мониторинг, әдістемелік ұсынымдар және т.б.);
  • Денсаулығында шектеулі мүмкіндіктері бар білім алушыларға білім беру үдерісіне қолдау көрсететін мамандарға кеңес беру және талдау жұмыстарына қатысу;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламалар, республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі басқа да жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • Шығыс Қазақстан облысының мүмкіндігі шектеулі немесе мүгедек білім алушылармен жұмыс жасайтын білім беру мекемелерімен оқыту әдістерін жетілдіру және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдерін әзірлеу бойынша өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.