Серпін

Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап «Серпін» бағдарламасының студенттері ШҚМТУ қоғамдық өміріне және университеттің шығармашылық клубтарының жұмысына белсенді түрде қатысады: «Жас каламгер» ақын клубы, аспаптық ансамбль, «Талант» баспасөз клубы, «Сыр-Сымбат» клубы.  «Серпін» бағдарламасымен оқитын студенттер арасында өткен JAIDARMAN жарысында «Престиж жастары» тобы жеңімпаз атанды.

«Серпін-2050» бағдарламасымен оқитын студенттер жыл сайынғы Тұңғыш Президент Күніне арналған Шығыс Қазақстан облысының дәстүрлі әкімі балына қатысады. Олар «Жастар Отанға!» жобасына белсене қатысады.

«Серпін-2050»  бағдарламасының студенттеріне арналған дәстүрлі іс-шара - бұл студенттердің спорт, шығармашылық және ғылымдағы барлық таланттарын көрсететін Аламан фестивалі. Биылғы жылы Көкшетауда Республикалық Аламан фестивалі өтті, фестивальға ақпараттық технологиялар мектебінің бірінші курс студенті Ебей Жасұлан қатысты.