Coursera Qazaq Tilinde — бір ғана басудағы білім әлемі!

1. Coursera Qazaq Tilinde бағдарламасы туралы

Coursera - бүгінгі таңда әлемнің 190-нан астам елінен 175 миллионнан аса білім алушыларды біріктіріп отырған ең ірі халықаралық цифрлық білім беру экожүйесі. Платформа 350-ден астам жетекші университеттер мен салалық компаниялармен серіктестік орнатқан. Олардың қатарында Oxford University, Columbia University, Yale University, University of Pennsylvania, Google, IBM, Intel, Boston Consulting Group және басқа да ғылым мен инновацияның танымал орталықтары бар.

Платформада 15 000-нан астам білім беру курстары мен бағдарламалары орналастырылған. Олар қысқа мерзімді тәжірибелік жобалардан бастап, магистрлік бағдарламалар мен академиялық дәреже алуға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Ерекше назар жұмыс берушілер тарапынан әлем бойынша мойындалған кәсіби сертификаттарға аударылған.

Coursera жеке білім алу траекториясын қалыптастыруға икемді мүмкіндік береді: білім алушылар таңдалған мамандану бағыты бойынша 3–6 ай ішінде жаңа құзыреттерді меңгере алады немесе бірнеше сағат ішінде қысқамерзімді онлайн-жобаларды орындай алады. Мұндай формат білімнің қолжетімділігін, өзектілігін және жаһандық еңбек нарығы талаптарына сәйкес практикалық бағыттылығын қамтамасыз етеді.

2. Мақсаты

Coursera Qazaq Tilinde бағдарламасының басты мақсаты – университеттің цифрландыру стратегиясымен үндестіре отырып, білім беру сапасын арттыру, студенттерге жетекші әлемдік университеттер мен компаниялардың онлайн-курстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы олардың кәсіби құзыреттері мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

3. Coursera Qazaq Tilinde жобасын іске асыру

4. Оқу нәтижелері
2023 жыл

500 лицензия
1500 студент
1575 сертификат

2024 жыл

500 лицензия
1010 студент
2126 сертификат

2025 жыл 1 жартыжылдық

350 лицензия
350 студент
700 сертификат

5. Тыңдаушылар арасында ең танымал курстар:

5. Университеттің ерекше мақтанышы – ConnectEd-2024 конференциясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің 93 жоғары оқу орнының ішінен үздік университеттердің қатарына енді. Бұл жоғары мәртебелі мойындау университеттің инновацияларды енгізуге және әлемдік стандарттарға сай сапалы білім беруге ұмтылысын дәлелдейді.

Соңғы өзгерістер күні:
03.10.2025