Гуманитарлық білім беру факультеті

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Гуманитарлық білім беру факультеті 2019 жылдың 25 қаңтарында ректордың бұйрығымен және 2018 жылдың 24 желтоқсанында университеттің Ғылыми кеңесі шешімінің негізінде құрылған.

Гуманитарлық білім беру факультетінің деканы қызметіне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айдарбаева Раушан Қайсановна тағайындалды.

Бұл факультеттің құрылу мақсаты гуманитарлық пәндер бойынша білім  беру, оқу-әдістемелік құралдарды бірігіп құрастыру, әртүрлі тақырыптар мен бағыттарда әдістемелік семинарлар өткізу.

Факультеттің негізгі мақсаттары:

  • Оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстар (гуманитарлық ғылымдар бойынша жарыстар ұйымдастыру, интеллектуалды және студенттік клубтардың іс-шараларын жүргізу, зияткерлік жұмыстарды өткізу және т.б.) саласындағы факультет кафедраларының қызметін интеграциялау жолымен оқу процесін жетілдіру;
  • Жастарды рухани, моральдық және азаматтық-патриоттық бағыттарда тәрбиелеу мақсатында кешенді жұмыстарды жүзеге асыру, «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі тұжырымдамалары мен «Рухани жанғырудың» тірек идеяларын түсіндіру, университеттің оқу-тәрбие үдерісін ғылыми-талдамалық, ақпараттық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын насихаттау;
  • Студенттердің корпоративтік мәдени дағдыларын дамыту және жетілдіру;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдері арқылы кең ауқымды қарым-қатынасты қалыптастырып, дамыту, білім және ғылыми зерттеулерді тарату үшін «Университет-Форум» платформасының шеңберінде «Үштілдік тілдесу – сәттіліктің формуласы» жобасын іске асыру;
  • Гуманитарлық білім берудің университеттің оқу үрдісі және әлеуметтік-мәдени ортаға ықпалын күшейту (мамандықтардың  ерекшеліктерін ескере отырып, гуманитарлық пәндер бойынша оқу құралдарын жазу және шығару, элективті курстар дайындау, болашақ жас мамандардың қызметке психологиялық дайындықтары және қоғамды гуманизациялау проблемалары бойынша дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)

Факультеттің негізгі міндеттері:                            

  • жоғары сапалы білім беру және зерттеу бағыттары мен мәселелерін ұсыну, түлектердің білімдерін, дағдыларын және құзыреттілігін үнемі жетілдіру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес білім берудің барлық түріндегі мамандарын элиталық оқыту және инновациялық білім беру жүйесін жетілдіру;
  • еңбек нарығының талаптарына, студенттердің қажеттіліктеріне, инновациялық экономикадағы ақпараттық-индустриалды қоғамға қозғалыстың негізгі бағыттарына сәйкес мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізу арқылы тиімді сапа менеджменті жүйесі негізінде сапалы білім беру қызметін ұсыну;
  • факультеттің біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • факультеттің барлық кафедраларының ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар саласындағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • профессор-оқытушылар құрамының негізгі мақсаттарын орындауға бағытталған профессор-оқытушылар құрамының жобаларын әзірлеу және енгізу;
  • профессор-оқытушылар құрамының негізгі мақсаттарын орындауға бағытталған профессор-оқытушыар құрамының жобаларын әзірлеу және енгізу;
  • барлық курстар үшін оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және жетілдіру;
  • оқу процесі үрдісінде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану;
  • оқу үдерісін білім беру материалдарын негізге ала отырып және өнеркәсіптік өндірістің қажеттіліктерін ескере отырып дамыту;
  • халықаралық ынтымақтастық және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;
  • білім мазмұнын және оқытуды жаңарту;
  • негізгі стратификацияланған мемлекеттік басымдылықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • корпоративтік мәдениетті дамыту және жетілдіру;
  • идеологиялық мәдениетті қалыптастыру;
  • гуманистік принциптерді, оқыту нысандары мен әдістерінің мазмұнын дамыту;
  • студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңдылықты сақтау және қорғау құқығы, олардың әрекеттеріне құқықтық жауапкершілікті дамыту;
  • кәсіптік бағдар жұмысын дамыту;
  • ғылыми және ғылыми-өндірістік жетістіктерінің жарнамасын бұқаралық ақпарат құралдарында, ШҚМТУ сайтында және жалпы білім беру порталында ұйымдастыру, халықаралық және республикалық конференцияларға, көрмелерге қатысу, Қазақстан Республикасының ғылыми журналдарында және шетелдік басылымдарда мақалалар жариялау;
  • тілдік білім беру және аударма саласы бойынша қызметтерді ұсыну үшін тілдік оқу орталықтары қызметін ұйымдастыру (Шетел тілдері кафедрасының аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас ғылыми-практикалық орталығын құру).

Деканат келесі гуманитарлық кафедраларды біріктіреді:

  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы
  • «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы
  • «Шетел тілдері» кафедрасы
  • «Рухани жаңғыру» кафедрасы.