Студенттер жатақханасы

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттер мен университет қызметкерлерінің тұрмысына және салауатты өмір салтына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға үнемі қамқорлық жасайды. Университет құрамына кіретін әлеуметтік инфрақұрылым объектісі болып табылатын үш жайлы жатақханамен жабдықталған, олар оқу кезеңінде білім алушыларды, бос орын болған жағдайда еңбек қызметі кезеңінде университет қызметкерлерін, сондай-ақ бос орын болған жағдайда сессия кезеңінде сырттай оқу нысанындағы студенттерді орналастыруға және уақытша тұруға арналған.   

Қазіргі уақытта университеттің барлық жатақханаларының жалпы сыйымдылығы-1 453 төсек-орынды құрайды:

  • №1 жатақхана - 900 орын.
  • №2 жатақхана - 214 орын.
  • №3 жатақхана - 339 орын.

Дербес сабаққа және спортпен айналысуға арналған жеке бөлмелер, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған бөлмелер, жуыну бөлмелер, кір жуатын бөлмелер, интернет-кабинет ұйымдастырылған.

Оқу жылының басына жаңадан түскен талапкерлерді есепке ала отырып, орындарды бөлу алқалы түрде жүзеге асырылады.  Орналастыру бойынша арнайы комиссия құрылады және орындар студенттер контингентіне сәйкес бөлінеді. Жатақханалардағы орындар факультеттер бойынша былайша бөлінеді:

  • №1 жатақхана - жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебі, «Foundation» факультеті;
  • №2 жатақхана - сәулет, құрылыс және дизайн мектебі, инженерия мектебі;
  • №3 жатақхана - ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі, бизнес және кәсіпкерлік мектебі.

Жатақхана қызметіне тікелей ағымдағы басшылық ету жатақхана коменданттарына жүктеледі. Барлық жатақханалар заманауи бейнебақылау жүйесімен, күзетпен және автоматты өрт дабылымен жабдықталған.

Жатақханаға орналастыру тәртібі

Мұқтаж студенттерге университет жатақханасынан орын беру комиссияның шешімі негізінде, ағымдағы оқу жылы ішінде, кезек бойынша төмендегі санаттағы білім алушыларға сәйкес жүзеге асырылады:

  • Жетім студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (растайтын құжаттар болған жағдайда);
  • I, II, III топтағы мүгедек студенттер және бала кезінен мүгедек студенттер (мүгедектігі туралы анықтама болған жағдайда).
  • Студенттер, отбасында екі немесе бір ата-анасының I, II топтағы мүгедектігі бар болған жағдайда (ата-анасының мүгедектігі туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ студенттің туу туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі болған жағдайда);
  • Көп балалы отбасынан шыққан студенттер;
  • Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
  • Білім беру гранты және келісім шарт негізінде оқитын бірінші курс студенттері;
  • Халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес оқитын барлық курстардың шетелдік студенттері.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар-студенттер;
  • Созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрған студенттер.
  • Студенттің отбасындағы екі ата – анасы да жасы бойынша зейнеткерлер болған жағдайда (студенттің туу туралы куәлігі және зейнеткер куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі болған жағдайда);
  • «Мәңгілік Ел жастары-индустрияға!» («Серпін – 2050»);
  • Ағымдағы оқу жылындағы белсенділер.

Аталған санаттардың ешқайсысына қатысы жоқ студенттерге студенттік жатақханаларда орын кезектілік тәртібімен, қоса берілген құжаттар негізінде беріледі. 

Жатақханаға орналастыруды студенттік жатақхананың коменданты ордер, жеке куәлік және медициналық тексеруден өткені туралы анықтама негізінде жүргізеді.

Студенттік жатақханада тұру төлемінің мөлшерін қаржы-экономикалық бөлім белгілейді және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім студенттерге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету аясында университет жатақханаларда тегін тұруға құқық береді.

2018-2019 оқу жылында жеңілдік негізінде тұратын студенттердің жалпы саны - 112 адамды құрады. 

Ағымдағы, 2019-2020 оқу жылында бұл жеңілдік 265 білім алушыға, яғни жатақханада тұратын әрбір 5 студентке берілді.

Студенттік жатақханаларға орналастыру үшін қажетті құжаттар

Орындарды ұсыну порталда жеке кабинет арқылы электронды өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.

Студенттік жатақханадан бөлме (орын) беру туралы электрондық өтінімдерге келесі құжаттар қоса беріледі:

  • Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • 3*4 фото - 4 дана;
  • Университет бекіткен калькуляцияға сәйкес төлем;
  • Университеттің медициналық орталығынан эпидемиологиялық айналасында.