Студенттердің денсаулығын сақтауда, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы аурулардың алдын алуда, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қадағалауда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде университеттердегі медицина қызметкерлері басты рөл атқарады.
Психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес университеттің медицина қызметкерлерімен «Жоғары оқу орнының оқу үдерісіне қатысушылармен медицина қызметкерлерінің тұлғааралық қарым-қатынасының және кәсіби қарым-қатынасының тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар бағдарламасы бес бөлімнен тұрды:
- Білім беру ортасындағы кәсіби қарым-қатынасқа кіріспе.
- Тиімді тұлғааралық қарым-қатынас негіздері.
- Қиын жағдайларда кәсіби қарым-қатынас.
- Оқытушылар және әкімшілікпен байланыс.
- Қарым-қатынас арқылы күйзелсті алдын алу.
Семинар қарым-қатынас арқылы кәсіби шаршаудың алдын алуға арналды. Практикалық жағдайлық кейстер мен рөлдік жаттығулар орындалып, қатысушыларға кәсіби кеңес кепілдемелері ұсынылды.
1- кеңес. "Денсаулық сақтау мамандары үшін тиімді коммуникация"
- Белсенді тыңдаңыз
- Сабырлы және анық сөйлеңіз
- Түсіндіріңіз, болжамдамаңыз
- Кәсіби шекараларды сақтау
2-кеңес. "Қиын жағдайдағы байланыс алгоритмі"
- Сабырлы болыңыз
- Сөзді бөлмей тыңдаңыз
- Эмпатия көрсетіңіз
- Мүмкін болатын әрекеттерді анық көрсетіңіз
- Келісімді ресімдеп алыңыз
3-кеңес. "Неден аулақ болу керек"
- Құндылық пайымдаулары
- Көтерілген дауыстан
- Медициналық жаргонан
- Студенттерді үшінші тұлғалармен талқылау

