2025 жылғы 29 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «ШҚТЭӨ» филиалы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі нәтижесі BR21882022 жобасының «Мониторинг жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының белсенділігін зерттеу» атты нәтижелерін енгізу болды.
Университет тарапынан кездесуге ШҚТУ-нің цифрлық офицері, жоба жетекшісі Денисова Наталья Федоровна, Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, жобаның жауапты орындаушысы Петрова Ольга Анатольевна, сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Зуев Виталий Николаевич, сондай-ақ университеттің ғылыми қызметкерлері мен инженерлік-техникалық мамандары қатысты.
Кездесу барысында ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» филиалының өкілдері зерттеу нәтижелерімен және әзірленген қар көшкіні мониторингі жүйелерінің жұмыс қағидаттарымен танысты. Университет базасында жасалған жабдықтар мен цифрлық шешімдер таныстырылып, олар облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупін болжау мен алдын алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Қонақтар ерекше назарды ЩҚО қар көшкіні қаупі ахуалдық орталықтың қызметіне аударды. Онда экологиялық және техногендік мониторинг деректерін жинау, өңдеу және визуализациялау жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша жоба нәтижелерін тәжірибеде қолдануды растайтын жобаны енгізу актісіне қол қойылды.
Аталған жоба өңірдің экологиялық және техногендік қауіпсіздік жүйесін дамытуға, сондай-ақ университеттің ғылыми әлеуеті мен ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің тәжірибесін біріктіруге бағытталған.