Ынтымақтастық аясында «1С-Рейтинг» ЖШС өкілдері университет білім алушылары үшін қонақ дәрістер өткізді. Мақсаты – білім алушыларды ақпараттық технологиялар және экономика саласындағы практикалық жұмыс аспектілерімен таныстыру.
Екі тақырып бойынша қонақ дәрістері ұйымдастырылды. Бірінші тақырып: «1С тәжірибеде: нақты шешімдер қалай жасалады». Мақсатты топ: келесі білім беру бағдарламаларының студенттері: 6B06101 «Ақпараттық жүйелер», 6B06102 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»,6B06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» қатысты. Екінші тақырып: «Сандар сиқыры: 1С көмегімен қалай табыс табуға болады» . Мақсатты топ келесі білім беру бағдарламаларының студенттері: 6B04104 «Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит»,6B04106 «Ғылыми өндірістердегі қаржыны басқару» қатысты.
Компания өкілдері өз қызметі, студенттік тәжірибе және мансаптық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат беріп, 1С жүйесін қолдану арқылы бизнес-процестердің қалай жүзеге асатынын нақты мысалдармен көрсетті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, компания мамандарынан жан-жақты жауап алды.
Нәтиже: іс-шара студенттер үшін пайдалы әрі қызықты болды. Олар жаңа мәліметтер алып, «1С-Рейтинг» компаниясындағы болашақ мансап мүмкіндіктерімен танысты.
Университет атынан «1С-Рейтинг» ЖШС-не білім алушыларымызды қолдағаны және тиімді ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз.

