Кадис университеті (Испания) | 2025/2026 оқу жылы

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Кадис университетіне (University of Cádiz, Испания) 2025/2026 оқу жылына өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Бағдарлама туралы

Erasmus+ KA171 бағдарламасы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына және әкімшілік қызметкерлеріне:

  • оқытушылық қызмет атқаруға (Teaching Mobility, STA) немесе
  • біліктілікті арттыру / тағылымдамадан өтуге (Training Mobility, STT) мүмкіндік береді.

Кадис университеті (University of Cádiz, UCA) — Испанияның 1979 жылы құрылған жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі,. Университет SEA-EU (The European University of the Seas) альянсына кіреді және жағалау аймақтарының тұрақты дамуы саласындағы білім мен зерттеулерді ілгерілетеді.

UCA құрамына - Кадис, Херес-де-ла-Фронтера, Пуэрто-Реаль және Альхесирас қалаларында орналасқан төрт кампус кіреді.
Қазіргі уақытта университетте 20 000-нан астам студент білім алады және 1 600-ден астам оқытушы мен зерттеуші жұмыс істейді.

Бағдарлама бағыттары
  1. Оқытушылық қызмет (Teaching Mobility, STA):
    Бағыттар мен факультеттер туралы толық ақпарат:
    👉 https://internacional.uca.es/visiting-professors-2025-26/
  2. Тағылымдама / біліктілікті арттыру (Training Mobility, STT):
    Қолжетімді бөлімдер мен оқыту тақырыптары туралы ақпарат:
    👉 https://internacional.uca.es/visiting-staff-2025-26/
Өтінім қабылдау мерзімі

Өтінімдер (номинациялар) қабылдау мерзімі- 2025 жылдың 2 қарашасы. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Өтінім беру тәртібі

Бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлер Халықаралық ынтымақтастық басқармасымен байланысуы қажет.

  • Электронды пошта: inter.dep@edu.ektu.kz
  • Телефон / WhatsApp: +7 777 955 3715
  • Кабинет: Г1-231