Мемлекеттік лицензия № KZ50LAA00018507
ШҚМТУ колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 08.07.1999 жылғы №340 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Мектеп – колледж – университет» жүйесінде үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Педагогикалық ұжым тәжірибелі ұстаздардан құралған.
Колледжде сабақтарды тек колледж оқытушылары ғана емес, сонымен қатар университеттің жетекші оқытушылары – PhD дәрежесі бар мамандар, доценттер мен профессорлар жүргізеді.
Студенттер кітапхана, спорт залдары, оқу кабинеттері мен зертханалары, компьютерлік сыныптарда орналасқан соңғы үлгідегі дербес компьютерлер сияқты арнайы материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
|
Миссиясы
Дәстүрлерді сақтай отырып және инновацияларды енгізе отырып, колледж білікті мамандарды даярлауда үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жасай отырып, заманауи технологиялар саласында көп деңгейлі білім беруді қамтамасыз етеді. |
|
Мақсаты
Инновациялық білім беру технологиялары мен заманауи білім беру моделін кезең-кезеңімен іске асыру механизмдерін пайдаланатын, білікті кадрларды даярлауды және оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін тұрақты білім беру мекемесін қалыптастыру. |
|
Пайымдауы
Танымал брендпен, инновациялық білім беру технологияларымен және өңірдегі неғұрлым сұранысқа ие және перспективалы кәсіптер мен мамандықтар бойынша қызмет көрсету саласында, қазіргі заманғы «цифрлық» экономика және IT-технологиялар саласында білікті кадрларды даярлауға бағытталған білім беру процесін ұйымдастырудың озық әдістерімен экономикалық орнықты білім беру мекемесін қалыптастыру. |
|
Басымдықтар
|
Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ-нің Жоғары IT-колледжінде негізі оқыту үрдесіне өте көңіл бөледі, елімізді жаңғырту мақсатында индустралды шарт шарасын қолдану, оқыту түрлері мен әдістерінің көптүрлілігі, соның ішінде оқу үдерісін университеттің ғылыми-оқу өндірістік орталықтарында өткізу колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу мүмкіншілігі; кәсіби білім аласыз! Колледжін бітіргеннен соң сырттай бөлімінде қысқартылған бағдарлама негізінде жалғастыру, қалаған уақытында бакалавр деңгейін алып, магистратура және докторантура негізін жалғастыруға мүмкіндігін алу.
- Әлеуметтік серіктестердің қаржыландыруы және тапсырыс бойынша білім алуға мүмкіндік;
- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске асыру»;
- WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізу (робототехника, виртуалды және толықтырылған шындық, сандық бағдарламалық қамтамасыз ету станоктарында бағдарламалау және т. б.);
- Futurum, Veritas университеттерінің оқу-ғылыми-өндірістік орталықтарында сабақтар өткізу;
- Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қысқартылған бағдарлама бойынша білім алуды жалғастыру;
- басқа қаладан келгендерге
- жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері;
- кәсіби білім алу және жұмыс мамандығын игеру, сондай-ақ, қалауымен Университетте жоғары білім алу.
Соңғы өзгерістер күні:
26.01.2024