2025 жылғы 20 қазанда «Еуразиялық кеңістіктегі этнодемографиялық үдерістер: трансформациялар және тұрақты дамудың сын-қатерлері» атты XXIV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Конференцияны университетіміздің ректоры Сәуле Жадыгерқызы Рахметуллина ашты. Қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының директоры Жанар Қалиқанқызы Бұқанова, сондай-ақ шетелдік беделді ғалымдар – Томаш Кучера, Прагадағы Карл университетінің геодемография және демография кафедрасының профессоры, Марк Эли, Париждегі Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығына қарасты Ресей, Кавказ, Орталық Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары құттықтады.
Пленарлық отырыста келесі ғалымдардың бағдарламалық баяндамалары тыңдалды:
- Наталья Павловна Калашникова, саяси ғылымдар докторы, МАИН академигі, «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығының төрайымы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төраға орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі ҚХА кафедрасының меңгерушісі,
- Айгүл Қакимбекқызы Садвокасова, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры,
- Аяулым Зарлықанқызы Сағынбаева, демография магистрі, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы жанындағы демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының басшысы,
- Фархад Шаймуратұлы Куанғанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының директоры,
және этнодемографиялық үдерістер мен әлеуметтік даму саласындағы басқа да отандық және шетелдік сарапшылар.
Түстен кейінгі бөлімде конференция секциялық отырыстар форматында жалғасты. Қатысушылар келесі ғылыми бағыттар бойынша зерттеулерді талқылады:
- «Еуразиялық этнодемографиялық үдерістер: сандық және этникалық құрам, халықтың ұдайы өсуі» (модератор – тарих ғылымдарының докторы, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері А. Н. Алексеенко),
- «Урбанизация – әлеуметтік-демографиялық трансформациялардың факторы ретінде» (модератор – тарих ғылымдарының кандидаты, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» орталығының бас ғылыми қызметкері Н. Л. Краснобаева),
- «Көші-қонның демографиялық үдерістердегі рөлі» (модератор – әлеуметтану ғылымдарының докторы, Иркутск мемлекеттік университетінің Демография саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі Байкал орталығының жетекшісі К. В. Григоричев).
Конференция 21 қазанда өз жұмысын жалғастырады.
Орталық Азия аймағының этнодемографиялық және әлеуметтік-мәдени дамуына қызығушылық танытқандардың барлығын келесі сілтеме арқылы қосылуға шақырамыз:
https://zoom.us/j/93638803330?pwd=4XY5HybUxiqmDMdAo1wI4aaJZspZ5Q.1
«Еуразиялық кеңістіктегі этнодемографиялық үдерістер: трансформациялар және тұрақты дамудың сын-қатерлері»
ХҒТК ұйымдастыру комитеті
«DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы