Шығыс Қазақстан облысында «Сапалы кадр даярлау – бизнес пен білім берудің басты міндеті» атты республикалық форум өтті.
Форум 2025 жылғы 15 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны облыстық білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Talap» КЕАҚ және ШҚО әкімдігінің қолдауымен өткізді.
Мақсаты – мамандарды заманауи стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сай сапалы даярлау. Форумға еліміздің түрлі өңірлерінен колледж директорлары, педагогтер, кәсіпкерлер палатасының және жетекші кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Шара барысында дуальды оқыту, бизнес пен білімнің өзара әріптестігі, инклюзивті және цифрлық білім беру тәжірибелері талқыланды. Форум кәсіби білім сапасын арттыруға бағытталған ашық алаңға айналды.