Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті, 24-ГТК-1 тобының білім алушысы Сайлапкеров Санжар 20 жасқа дейінгі жастар арасында классикалық шахматтан Шығыс Қазақстан облысының чемпионы атанды.
Классикалық шахматтан өткен ШҚО чемпионаты өңірдің ең мықты жас шахматшыларын біріктіріп, жоғары деңгейде және тартысты бәсекеде өтті. Жарыс барысында қатысушылар логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде Сайлапкеров Санжар барлық партияларда тұрақты әрі сенімді ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.
Бұл жеңіс — студенттің табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ ШҚТУ жастарының зияткерлік спорттағы әлеуетінің айқын дәлелі.
Сайлапкеров Санжарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта республикалық және халықаралық деңгейде толағай табыстар тілейміз!