ШҚТУ Жоғары IT-колледжінде өткен ішкі іріктеу қорытындысы бойынша «ТОП–100 студент» республикалық байқауына қатысу үшін Қазкен Сабина Сымбатқызы таңдалды.
Байқауға қатысуға сондай-ақ Тоқтаубекова Фатима Қуатқызы, Жұмабекова Ажар Қанатбекқызы, Маутбек Тамерлан Асланұлы, Боднар Станислав Степанович, Зиновьев Евгений Павлович, Серғазы Тамирлан Сарсенұлы үміткер болды.
«ТОП–100 студент» байқауы оқу, қоғамдық қызмет және кәсіби даму салаларында жоғары жетістіктерге жеткен дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Бұл байқауға қатысу өзін-өзі дамытуға және республикалық деңгейде тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.