Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да университеттің білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы аудит жүргізу үшін «Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы» (САААЕ) сараптамалық тобы жұмысын бастады.

«САААЕ» сыртқы сараптама комиссиясының халықаралық аккредиттеуі 7 білім беру бағдарламасы бойынша өтеді:

  • 6B07116 Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар
  • 6B07118 Цифрлық агрожүйелер
  • 6B07313 Сәулет ортасының дизайны
  • 6B06107 Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект
  • 7М04113 Сметалық іс және құрылыс жобаларын инвестициялық талдау
  • 7M07207 Қолданбалы геомеханика
  • 8D07103 Жылу энергетикасы

Әріптестерімізге білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау рәсімінен сәтті өтуін тілейміз.

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы!