С 25–26 сәуір аралығында Алматы қаласында «Global HackAtom» халықаралық студенттік чемпионатының ұлттық кезеңі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен өтті. Чемпионат инженерлік және ядролық мамандықтарды насихаттауға, сондай-ақ студенттердің атом саласындағы практикалық бағыттағы міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жарыс барысында студенттік командалар 24 сағат ішінде саланың заманауи сын-қатерлеріне байланысты нақты кейстерге шешімдер әзірледі. Жарыстың жұмыс тілі ағылшын тілі болды.
Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атынан Халықаралық инженерия мектебінің студенттерінен құралған команда лайықты өнер көрсетіп, 16 команданың ішінде 3-орынға ие болды.