2026 жылғы 28 сәуірде оқушыларды кәсіби бағдарлау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Асубұлақ орта мектебі» КММ-де жыл сайын өткізілетін және жақсы дәстүрге айналған кездесу өткізілді.
Кездесуге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті әскери кафедрасының тәжірибелі оқытушылары мен студенттері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушыларға әскери даярлықтың маңыздылығы түсіндірілді, кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қонақтар практикалық кеңестер беріп, нақты мысалдар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырды, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, болашақтарына деген сенімділікке ие болды.
Аталған кездесу оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыруда және болашақ мамандықты саналы таңдауда маңызды қадам болды.