Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан өңірлік «Алтай» технопаркінің жұмысымен танысты. Сапар барысында университеттің ғылыми әлеуеті, инновациялық инфрақұрылымы және өңірді дамытуға басымдық берілген жобалардың іске асырылуы бойынша шолу жүргізілді.

Вице-министр ШҚТУ-дың құзыреттілік орталықтары мен ғылыми бөлімшелерінің жұмысымен танысты, соның ішінде «Smart Engineering», «Industrial AI», «Қорғаныс және функционалдық жабындар» ғылыми орталығы, сондай-ақ құрылыс, су шаруашылығы және ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік орталықтары бар. Арнайы назар университеттің цифрлық трансформациясына, білім беру үдерісін басқарудағы интеллектуалды жүйелерді енгізуге және өнеркәсіпте жасанды интеллект технологияларын қолдануға аударылды.

Сапар аясында «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде жобалар жүзеге асырып жүрген жас ғалымдармен кездесу өтті. ШҚТУ жас зерттеушілердің жоғары әлеуетін және университет деңгейінде ғылымды жүйелі қолдаудың маңызды екенін көрсетті.

Сапар «Алтай» технопаркінің жұмысымен танысып, жаңа технологиялық компаниялармен келісімдерге қол қойып, ШҚТУ, ШҚӨ «Алтай» және «DJAS company» ЖШС арасында инклюзивті жабдық өндіруге арналған бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылдаумен аяқталды. Жоба әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларына арналған арнайы жабдық өндірісін локализациялауға бағытталған.

ШҚТУ өңірдің жоғары технологиялық салаларын дамытудағы стратегиялық рөлін, жаңа буын инженерлік кадрларды даярлауды және технологияларды экономика секторына енгізуді растайды. Вице-министрдің сапары университет пен мемлекеттік органдар арасындағы ғылым, жоғары білім және инновациялық дамуды нығайтудағы маңызды кезең болды.