2025 жылғы 28 қарашада Өскемен қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова «Шығыс Қазақстан өңірлік Алтай технопаркі» ЖШС-нің қызметімен танысты. Сапар барысында технопарк жұмысының негізгі бағыттары, жобалары және өңірдің жоғары технологиялық шешімдерін дамытудағы мүмкіндіктері таныстырылды. 

Сапардың маңызды бөліктерінің бірі – технопарк пен Қазақстанның инновациялық компаниялары арасында бірқатар өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды:

  • «DJAS company» ЖШС — инклюзияға арналған отандық жабдықты әзірлеу саласындағы әріптестік. Бірлескен жобалар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы құрылғыларды жасау және олардың өндірісін локализациялауға бағытталған. 
  • «ГеоПроект корпорациясы» ЖШС — шағын өзендер мен хвостохранилищелерді зерттеуге арналған су үсті дрондарын әзірлеу бойынша ынтымақтастық. Жоба экологиялық маңызы бар нысандарды бақылауда заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. 
  • «IB Project» ЖШС — тікелей және кері инжинирингті дамыту. Ынтымақтастық нәтижесінде ГМК, АӨК және басқа салаларға қажет күрделі технологиялық жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін жедел прототиптеу және сериялы өндіру үдерісі жылдамдайды. 

Вице-министрдің сапары «Алтай» технопаркі өңірдің технологиялық дамуына ықпал ететін маңызды орталық екенін және озық инженерлік шешімдерді енгізуге арналған алаң екенін көрсетті.