Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті инженерлік білім мен ғылым саласындағы көшбасшы жоғары оқу орны ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. 22–26 маусым аралығында университеттің «Простор» жазғы экспедициялық лагерінде III Қазақстандық «Сәтбаев» геологиялық универсиадасы мен KazUzGeoNomads халықаралық жазғы мектебінің қорытынды кезеңі өтуде.
Осындай ауқымды іс-шаралардың дәл ШҚТУ базасында өтуі: заңды құбылыс. Университет көптеген жылдар бойы тау-кен металлургиясы мен геология салалары үшін жоғары білікті инженерлік кадрлар даярлайтын еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып келеді. Қазақстанның ірі кенді өңірінде орналасқан оқу орны іргелі білімді тәжірибеге бағытталған оқытумен ұштастырып, өндірістегі жетекші кәсіпорындармен тығыз әріптестік орнатқан.
Биыл Бұқтырма су қоймасының жағасындағы экспедициялық лагерь Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының студенттерін, жас ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамын біріктірді. Қатысушылар қатарында Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Назарбаев Университеті, Каспий университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Геологиялық барлау колледжі және Өзбекстан Республикасы Геология ғылымдары университетінің командалары бар.
Универсиада мен халықаралық жазғы мектептің басты ерекшелігі- болашақ геологтарды нақты өндірістік жағдайға барынша жақын ортада даярлау. Қатысушылар далалық маршруттарға шығып, геологиялық қималарды сипаттайды, минералогия бойынша сайыстарға қатысады, петрографиядан тәжірибелік сабақтар өтеді, инженерлік тапсырмаларды орындайды және сала мамандарының кеңестерін тыңдайды.
Бағдарламадағы маңызды бағыттардың бірі – өндірістік тәжірибе. Болашақ геологтер Шығыс Қазақстан облысының жетекші кен орындарында болып, кен орындарын барлау мен игерудің заманауи технологияларымен танысады. Іс-шараның негізгі өндірістік алаңдарының бірі – университеттің стратегиялық серіктесі «Қазцинк» компаниясынің «Риддер-Сокольный» кен орны. Мұнда қатысушылар заманауи тау-кен өндірісінің жұмысымен танысып, геологиялық барлау жұмыстарының ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде зерделеп, өндіріс мамандарымен пікір алмасады.
Сонымен қатар қатысушылар Шығыс Қазақстандағы ең ірі энергетикалық нысандардың бірі – Бұқтырма су электр станциясына барып, өңірдің энергетика саласының жұмысымен танысады.
Практикаға бағытталған оқыту ШҚТУ білім беру моделінің басты артықшылықтарының бірі. Университет өндіріс орындарымен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, студенттердің кәсіби құзыреттерін нақты өндірістік ортада қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Осындай тәсілдің нәтижесінде еңбек нарығында сұранысқа ие, геология және тау-кен металлургиясы саласының заманауи талаптарына жауап беретін мамандар даярлануда.
Универсиада бағдарламасы тек кәсіби даярлықпен шектелмейді. Қатысушылар үшін спорттық жарыстар, командалық ойындар және мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және болашақ кәсіби байланыстарын нығайтуға мүмкіндік жасалуда.
III Қазақстандық «Сәтбаев» геологиялық универсиадасы мен KazUzGeoNomads халықаралық жазғы мектебі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің инженерлік білім беруді, ғылым мен өндірісті тиімді ықпалдастырудағы, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытудағы жетекші рөлін тағы бір мәрте айқындап отыр. Университет бүгінде жаңа буын инженерлері мен геологтерін даярлайтын ғана емес, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға үлес қосатын маңызды білім және ғылым орталығы ретінде өз мәртебесін бекемдей түсуде.







