Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттер, түлектер мен оқытушылардың күш-жігерін біріктіретін жаңа алаң – Тұрақты даму офисі (Sustainability Office) өз жұмысын бастады.
Офисті тұрақты даму саласының маманы Полякoва Арина басқарады. Жаңа орталықтың басты ерекшелігі – оның жұмысына университет түлектері мен студенттері белсенді атсалысады. Офис құрамында: «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының түлектері – Строкова Екатерина және Советбекова Дана,осы бағдарлама бойынша 4-курс студенті, «Клевер» экоклубының төрайымы – Парубчишина Валерия жоғары IT-колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті – Амиргазин Алмаз.
Офистің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- университетте тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу;
- «жасыл экономика» мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын білім беру мен ғылыми жобаларға енгізу;
- көміртек ізін азайту, энергияны үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бастамаларды жүзеге асыру;
- студенттік экологиялық жобаларды және «жасыл» өмір салтын дамытуға бағытталған идеяларды қолдау;
- өңірде экологиялық мәдениетті дамыту үшін мемлекеттік және жеке сектор серіктестерімен ынтымақтастық орнату.
Офис БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) сәйкес жұмыс істейді. Бұл мақсаттар ВКТУ-дың білім беру және ғылыми саясатының маңызды бөлігіне айналып отыр:сапалы және қолжетімді білім беру,инновациялар мен «жасыл» технологияларды дамыту,қоршаған ортаға жауапты көзқарасты қалыптастыру және тұрақты болашақ міндеттерін шеше алатын мамандар даярлау.
Жаңа офис – идеялар, білім мен адамдарды біріктіретін орталық. Мұнда студенттердің бастамалары қолдау тауып, батыл жоспарлар нақты жобаларға айналып, университет пен өңірде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.