«Аманат» партиясының әйелдер қанатының бастамасымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Қазақстан Болашағы» партиялық ұйымында «Балаға уақыт сыйла» акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында университеттің әйел қызметкерлеріне жұмыс күнінде қосымша бір сағат бос уақыт сыйлайтын сертификаттар табысталды. Бұл мүмкіндік аналарға балаларымен көбірек уақыт өткізіп, отбасына көңіл бөлуге, қамқорлық пен қолдау құндылықтарын нығайтуға жағдай жасайды.

Сол күні сондай-ақ университет ректоры мен «Қазақстан Болашағы» партиялық ұйымының жетекшісі ұжыммен жұмыс кездесуін өткізіп, әлеуметтік қолдау мен игі бастамаларды талқылады.

«Қазақстан Болашағы» партиялық ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, кәсіби қызмет пен отбасы құндылықтарын үйлестіруге бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.