Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін бағалауға, бастамаларын қолдауға және әр маманның университет дамуына қосқан жеке үлесінің маңызын арттыруға бағытталған «ШҚТУ-дың айдың үздік қызметкері» конкурсы жалғасуда.
Конкурстық комиссияның шешімімен 2026 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша «ШҚТУ-дың айдың үздік қызметкері» атағы Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры Риза Ғабдысалыққа берілді.
Қызметкердің жоғары кәсібилігі мен бастамашылдығы, университеттің ғылыми-баспа қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ EKTU Journal of Engineering Sciences ғылыми журналының екінші нөмірін дайындау мен жарыққа шығаруды табысты ұйымдастыруы жоғары бағаланды.
«ШҚТУ-дың айдың үздік қызметкері» конкурсы - университеттің корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі. Ол қызметкерлердің нақты еңбек нәтижелерін атап өтуге, тиімді бастамаларды қолдауға және әріптестердің кәсіби жетістіктерін университет қауымдастығына таныстыруға мүмкіндік береді. Мұндай мойындау озық тәжірибені кеңінен таратуға, жауапкершілік, біліктілік және дамуға ұмтылыс лайықты бағаланатын ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеңімпазға белгіленген еңбекақы қоры шегінде лауазымдық айлықақысының 50 %-ы мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалды.
Риза Ғабдысалықты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және ғылыми-педагогикалық қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!