Ақпан айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ректор кубогына арналған волейбол турнирі басталды. Сайысқа өңірдің оқу орындарынан 24 команда қатысуда.

Турнирдің салтанатты ашылуы университеттің актов залында өтті. Шараға 15 мектеп директоры, оқытушылар, спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. ШҚТУ басшылығы студенттік спорттың дамуының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Сайысқа 300 спортшы қатысып, төрт топқа бөлінген (әр топта 6 команда). Олар финалдық кезеңге шығу және құрметті Ректор кубогын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасады.

Турнир тартысты әрі қызықты өтеді деп күтілуде. Волейбол Шығыс Қазақстан облысының спорттық өмірінде, әсіресе ШҚТУ-да ерекше орын алады. Осындай жарыстар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және студенттердің спорттық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Ойындар екі күнге созылады, ал финалистер шешуші матчтарда кездесіп, Ректор кубогының иегері анықталады.

  Барлық фото