Осы аптада Серпін жобасы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә.С. Дауылбаева Жетісу, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының қалалары мен аудандарының 11 сынып мектеп бітіруші түлектерімен онлайн кездесу өткізді.
Бұл шараның мақсаты - мектеп түлектеріне жоғары білім алу мүмкіндіктері мен Серпін бағдарламасы туралы толық ақпарат беру болды.
Зум платформасы арқылы өткен кездесуде университеттің оқыту бағдарламалары, металлургия саласы бойынша Қазақстан-неміс институты, Лу Бань шеберханасы, әскери кафедра, жұмысқа орналастыру, шетелдік университеттермен студенттік алмасу тәжірибесі мен студенттік өмір жайында айтылды.
Жаңадан ашылған білім беру бағдарламалары бойынша бейнероликтер мен сайттың «Қабылдау» бөліміндегі гранттардың түрлерін түсіндіріп, талапкердің отбасылық жағдайына байланысты квоталардың түрлеріне басты назар аударылды.
Сондай-ақ, оқушылармен сынып жетекшілерінің оқу орнына қатысты сұрақтары тыңдалып, жауаптар берілді. Қатысушыларға Серпін жобасы бойынша оқуға қабылдау шарттары, жеңілдіктер мен қолдау көрсету мүмкіндіктері таныстырылды.
Бұл онлайн кездесу түлектерге өз болашақ білім беру жолдарын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар болды.