2025-2026 оқу жылында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аға буынға бағдарланған "Күміс университеті" бірегей әлеуметтік-білім беру жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның мақсаты – аға буын өкілдерін өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

"Күміс университеті" аясында келесі тегін білім беру бағдарламалары ұсынылады:

  • Тіл курстар (ағылшын және қазақ тілдері);
  • Арт-терапия;
  • Цифрлық сауаттылық;
  • Құқықтық негіздер және қаржылық қауіпсіздік;
  • Сауықтыру (фитнес, шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ).

Сабақтың басталуы: 2025 жылдың қыркүйегі.

Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

Біз зейнеткерлік жастағы барлық ниет білдірушілерді жаңа нәрселерді бірге үйрену, денсаулықты нығайту және белсенді де, толыққанды өмір сүру, жаңа белестерді ашу үшін жобамызға қосылуға шақырамыз.

Қатысу және жазылу мәселелері бойынша хабарласыңыз: Жантемирова Шынар Балғабекқызы, Г-1-207 кабинет, тел.: 8-775-753-2187.