2026–2027 оқу жылында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аға буын өкілдеріне арналған бірегей әлеуметтік-білім беру жобасы - «Күміс университетін» жүзеге асыруды жалғастырады.
Жобаның мақсаты: егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік белсенділігін қолдауға қолайлы жағдай жасау.
«Күміс университеті» аясында келесі тегін білім беру бағдарламалары ұсынылады:
- тіл курстары (ағылшын және қазақ тілдері);
- арт-терапия;
- цифрлық сауаттылық;
- құқықтық негіздер және қаржылық қауіпсіздік;
- сауықтыру бағыттары (фитнес, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ).
Сабақтың басталуы: 2026 жылғы қазан
Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Қатысу және тіркелу мәселелері бойынша: Жантемирова Шынар Балғабекқызына хабарласыңыз, Г-1-207 кабинеті, Тел.: 8-775-753-2187.