Баршаңызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке адал еңбекті, кәсіби шеберлікті және жасампаздықты дәріптейді.

2025 жыл Еңбек мамандықтары жылы болып жарияланды. Бұл – еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарының, шебер мамандардың маңыздылығын тағы да айқындайды. Бүгінгі таңда жұмысшы кадрлар мен инженерлер өнеркәсіп пен технологиялық прогрестің негізін қалайды.

Қымбатты студенттер! Сіздер үшін бұл мереке білімнің, еңбектің және табандылықтың барлық мүмкіндіктердің кілті екенін еске салады. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Дәл сіздер жаңа технологияларды енгізіп, инновациялар жасап, еліміздің экономикасын нығайтатын маман боласыздар.

Баршаңызға шабыт, оқуда табандылық пен таңдаған мамандығыңыз үшін мақтаныш тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан сұранысқа ие болып, қоғам тарапынан лайықты бағаланғай!