28 қыркүйекте Қазақстанда Машина жасаушылар күні мен Атом саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл – еліміздің өнеркәсібі мен энергетикасын дамытуға, технологиялық егемендігін нығайтуға стратегиялық үлес қосып жүрген мамандардың төл мерекесі.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті барша машина жасаушыларды және атом саласының қызметкерлерін шын жүректен құттықтайды!
Біздің университет үшін бұл бағыттардың маңызы ерекше: біз аймақтың машина жасау кәсіпорындары үшін инженерлер даярлап, Өскеменнің Үлбі металлургия зауыты, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтымен бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеміз. Сондай-ақ атом энергетикасы үшін мамандар дайындайтын инновациялық білім беру бағдарламаларын дамытып жатырмыз.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдығыңыз жаңа технологиялардың дамуына, Қазақстанның энергетикалық және өнеркәсіптік әлеуетінің артуына жол ашуда.
Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс, қажымас қайрат және еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!