2026 жылғы 15 мамырда колледжде жазғы демалыс кезеңіндегі жеке қауіпсіздік тақырыбында ашық дәріс өтті.
Бірыңғай жеке қауіпсіздік сабағы аясында колледжімізде «Жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды.
Дәрістің негізгі мақсаты – білім алушылардың жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ төтенше және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту болды.
Кездесу барысында жастар жаз мезгілінде тап болуы мүмкін негізгі қауіп факторлары қарастырылды: судағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, қоғамдық орындарда және интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдеріне және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларына ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіздік пен денсаулықты сақтауға байланысты түрлі өмірлік жағдайларды талдады.
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың құқықтық және жеке мәдениет деңгейін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.


