Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Экономика» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі өткізілді.
Конкурсқа еліміздің 13 жетекші жоғары оқу орнынан талантты студенттер қатысып, қарауға барлығы 25 ғылыми жұмыс ұсынылды.
Қатысушылар қатарында: «Алматы технологиялық университеті» АҚ, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті» КЕАҚ, «Шәкәрім университеті» КЕАҚ, «Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» мекемесі, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» ЖМ, «Esil University» мекемесі, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ, «Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ.
Конкурстық комиссия өз жұмысын Басқарма төрағасы – ректор С.Ж. Рахметуллинаның жетекшілігімен жүзеге асырды.
Конкурс жеңімпаздары болып келесі студенттер танылды:
- I дәрежелі дипломмен: Толеубаева Маргума Курметовна - академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Перова Н.С. - экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
- II дәрежелі дипломмен: Қадылбекова Айгерім Алтайқызы - Шәкәрім университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Кажиева Ж.Х. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
- II дәрежелі дипломмен: Шарипова Акбота Айдосқызы - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті. Ғылыми жетекшілері: Денисова О.К. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Конурбаева Ж.Т. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
- III дәрежелі дипломмен: Уашева Дильназ Қайруллақызы, Мұратов Азим Аянұлы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері. Ғылыми жетекшілері: Кунафина Г.Т. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Мұхамбетова З.С. - э. ғ.к., профессор міндетін атқарушы.
- III дәрежелі дипломмен:
Мадиева Айгерим Абаевна - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Барлыков Е.К. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор. - III дәрежелі дипломмен:
Плахута Виктория Алексеевна - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті. Ғылыми жетекшілері: Сорокина Л.И. – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Саденова А.М. - аға оқытушы.