«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ «Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының» қызметкерлері В.П.Колпакова мен Ю.Н.Еремеева қыркүйек айында «Бейімделуді жоспарлауды институттандыру және бейімделуді ұлттық жоспарлаудың дәйекті саясаты шеңберінде бейімделу шараларын қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның дамуын жоспарлау процестеріне климаттық тәуекелдерді интеграциялау» оқыту семинарына қатысты. Семинарда климаттық тәуекелдерді бағалаудың әдістемелік негіздері оқытылды. Бейімделу шараларын жүзеге асырумен танысты. Оқытушылар алған білімдерін студенттер үшін өткізілетін дәріс пен практикалық сабақтарда қолданады.
Тренингке мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Семинар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы бірлескен жобасы аясында өткізілді.