Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атынан Сізді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған кезеңіңізде білім мен ғылымның дамуына шынайы қызығушылық танытып, университетімізге қолдау көрсеткеніңізді, оқу орнымызға келіп, елге білікті мамандар даярлау ісіне ерекше көңіл бөлгеніңізді біз жоғары бағалаймыз. Оқу орнымызға деген ерекше ықыласыңыз бен қолдауыңыз әрқашан жадымызда.

Біз Сіздің басқарушылық тәжірибеңіз, стратегиялық көзқарасыңыз және заманауи сын-қатерлерді терең түсінуіңіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі нығайтуға және еліміздің халықаралық беделін көтеруге зор үлес қосатынына сенімдіміз.

Сізге мықты денсаулық, сарқылмас жігер және мемлекет игілігі жолында қойылған маңызды міндеттерді жүзеге асыруда зор табыстар тілейміз!

Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы