16 қазан – Қазақстанда Нан күні аталып өтеді. Нан – бүкіл әлемде аса құрметтелетін, сүйікті әрі маңызды тағамдардың бірі.

Барлық кезеңдерде, әртүрлі халықтарда нан дастарханның басты асы ретінде ерекше орын алған. Ол молшылықтың, қамқорлықтың және маңдай термен келген еңбектің символы болып саналады. Қазақстан үшін нанның маңызы ерекше – ол тек күнделікті тағам емес, сонымен қатар еліміздің еңбекқор диқаншыларының, диірменшілері мен наубайшыларының шеберлігін көрсететін маңызды экспорттық өнім. Бұл күн олардың еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде және астық пен нан өнімдері саласының беделін арттыру мақсатында белгіленген.

Осы айтулы күнге орай, ШҚТУ Жоғары IT колледжінде алғашқы курс студенттерінің бастамасымен үйден дайындалған тәттілердің қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналды.

Іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытып, қолдау көрсеткен ата-аналар мен кураторларға ерекше алғыс білдіреміз. Жәрмеңке барысында жиналған барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалатын болады.