Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Кәсіби бағдарлық стенд-моб» атты ірі кәсіби бағдарлау шараcы өткізілді. Аталмыш іс-шара Өскемен қаласының білім беру басқармасының «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер» науқаны аясында өткізілді. Стенд-мобқа 200-ге жуық адам қатысты.

Біздің университетімізді Мансап орталығының «Кәсіби бағдар беру бөлімі» қызметкерлері таныстырды. Олар 9-11 сынып оқушыларына университеттің мамандықтары мен құрылымдық бөлімшелері туралы толығырақ айтып берді.