25 сәуір күні «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ базасында интерактивтік «Қайда білім алғым келеді» дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шара ONLINE режимінде бейнеконференция форматында өтті.

Кездесуге Өскемен қаласының 18 мектебінің 9 және 11 сыныптарының түлектері мен Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ өкілдері қатысты.

Конференция қатысушылары назарына біздің университет туралы бейнеролик және презентациялар ұсынылды. Өз кезегінде, студенттер университетке түсу және қабылдау ережелері, университеттің мамандықтары, әскери кафедра жайында және т.с.с. сұрақтар қойды.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары шығармашылық көзқарасты, ақпараттылықты, сондай-ақ ШҚМТУ-дың кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізудіге белсенділігін атап өтті.