Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша X Республикалық пәндік олимпиадасында командалық есепте екінші орынды иеленген Ақпараттық технологиялар және энергетика  мектебінің студенттері Медет Ежембаевты, Бидолла Магзам және Біржан Кузенбайды құттықтаймыз!

15-АУК тобының студенті Медет Ежембаев аталмыш мамандық бойынша пәндік олимпиадада жеке біріншілікте бірінші орынды жеңіп алды.

Айта кету керек, 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы  бойынша XІ Республикалық пәндік олимпиадасы 2019 жылы біздің университетте өтпек.

«Аспап жасау және технологиялық үрдістерді автоматтандыру» факультетінің оқытушылық құрамына, сондай-ақ команда жетекшісі Айжан Ерулановаға алғысымызды білдіреміз.

Г. Уазырханова