«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстары — бұл заманауи технологияларға, білімді тәжірибеде қолдануға және еңбек нарығының нақты сұраныстарына бағытталған, барлық өзекті бағыттарды қамтитын жыл сайынғы білім беру бағдарламалары.
Биыл университет заманауи автотехника саласындағы ең болашағы зор бағыттардың бірі бойынша жаңа оқу циклын ашты. 19 қаңтардан бастап «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК оқытушылары мен қызметкерлері инновациялық тәсілдер мен техникалық сервис саласындағы озық шешімдерді меңгере отырып, оқудан өтуде.
«Электрлік және гибридті автомобильдердің техникалық сервисіндегі инновациялық конструкциялар мен технологиялар» бағдарламасы Лу Бань шеберханасы базасында жүзеге асырылады және теориялық дайындықты практикалық сабақтармен, заманауи жабдықтармен жұмыс істеумен, сондай-ақ нақты кәсіби кейстерді талдаумен үйлесімді түрде ұштастырады.
Оқуды табысты аяқтаған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі аяқтау сертификаттары табысталады.
Университет жаңа әріптестікке ашық және біліктілігін арттырғысы келетін, кәсіби көкжиегін кеңейтіп, өзекті құзыреттерді меңгергісі келетін барлық ниет білдірушілерді шақырады. «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстары каталогында ұсынылған барлық бағыттар бойынша оқытуды қуана ұйымдастырады.