Конкурстық комиссияның шешімі негізінде (2026 жылғы 10 сәуірдегі № 5 хаттама) 2026 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың айдың үздік қызметкері» атағы Сапа менеджменті орталығының басшысы Шаяхметова Амина Аманжолқызына берілді.

Жоғары кәсіби қызметі университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін нығайту мен ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі және бастамашылдығы үшін жоғары бағаланды. Атап айтқанда, университеттің THE (Times Higher Education) рейтингіне қатысуы үшін іс-шараларды ұйымдастыру және дайындау, сондай-ақ ISO 9001 және ISO 37001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің сыртқы аудиттерін сәтті ұйымдастырып, өткізуі ерекше атап өтілді.

Шаяхметова Амина Аманжолқызы Құрмет грамотасымен және белгіленген еңбекақы қоры шеңберінде лауазымдық жалақысының 50 %-ы мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақымен марапатталды.

Амина Аманжолқызын құрметті атақтың берілуімен құттықтай отырып, жоғары кәсібилігі мен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Алдағы қызметінде табыстар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және университет игілігі жолында жаңа жетістіктер тілейміз!