Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада ел мен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Марапатталғандардың қатарында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қызметкерлері бар.  Олардың бірі  «Мархабат.KZ» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамы төрағасының орынбасары Меруерт Өтегенова VERITAS үздіксіз даму орталығының ғылыми қызметкері, ол көпжылдық еңбегі, мейірімділігі және белсенді қоғамдық қызметі үшін  «Шапағат» медалімен  марапатталды.

Сондай-ақ, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Элеонора Столярова ұлтаралық келісім мен азаматтық бірлікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» белгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапаттар әріптестеріміздің кәсібилігі мен ізгілігінің, белсенді өмірлік ұстанымының мойындалуы. Олардың үлгісі ШҚТУ ұжымын және студенттерін шабыттандырады.

Университет ұжымы атынан марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз бен энергияларыңыз, адамдарға деген сүйіспеншіліктеріңіз қоғам игілігіне қызмет етіп, университетіміздің абыройын арттыра берсін!