2025 жылғы 6–14 қазан аралығында Erasmus+ ERASMUS-EDU-2023-CBHE «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу – CirculEC» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жетекші университеттеріне мониторингтік сапарлар өтеді.
Сапарлар бағдарламасы мына университеттерге баруды қамтиды:
- 6–7 қазан – Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Қазақстан);
- 9–10 қазан – Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті және Орталық Азия университеті (Өзбекстан);
- 13–14 қазан – Тәжік мемлекеттік сауда университеті (Тәжікстан).
- 10–13 қараша –Түрікмен мемлекеттік экономика және басқару институты және Түрікмен мемлекеттік қаржы институты (Туркменистан)
Сапарлар аясында жоба серіктестері айналмалы экономика және тұрақты даму бойынша жаңа білім беру модульдерінің пилоттық сынақтан өтуіне мониторинг және кешенді бағалау жүргізеді. Әзірленген материалдар бакалавриат, магистратура және өмір бойы оқу бағдарламалары деңгейінде енгізілуде. Ерекше назар оқу мазмұнын ұлттық білім беру жүйелеріне бейімдеу сапасына, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің оларды меңгеру процесіне қатысу дәрежесіне аударылады.
Мониторинг нәтижелері қорытынды есепте жүйеленіп, Орталық Азия университеттерінің білім беру тәжірибесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізудің маңызды құралына айналады. Бұл бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге, инновациялық модульдерді одан әрі таратуға және ұлттық әрі халықаралық тұрақты даму мақсаттарына сәйкес экологиялық бастамаларды ілгерілетудегі маңызды қадам болмақ.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, CirculEC жобасының грант иегері әрі үйлестірушісі ретінде, халықаралық академиялық ынтымақтастықты ілгерілетуде және инженерлік пен экономикалық білім беруді жаңғыртуда жетекші рөл атқаруды жалғастыруда. Университеттің жобаға қатысуы айналмалы экономика саласында құзыреттерге ие және жаһандық тұрақты даму міндеттерін шешуге дайын жаңа буын мамандарын даярлауға ықпал етеді.
Мониторингтік сапарларды өткізу әріптестік байланыстарды нығайтуда, академиялық тәжірибе алмасуда және болашаққа бағдарланған білім беру шешімдерін бірлесіп әзірлеуде маңызды кезең болады.