2026 жылдың 30 қаңтарында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Агеева Ольга Владимировна «Дельбегетей массивінің қалыптасу кезіндегі гранитоидтардың шығу тегі және кен өндіру процестері» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғады.
Ғылыми кеңесшілер:
- Кузьмина Оксана Николаевна – PhD докторы, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
- Хромых Сергей Владимирович – геология-минералогия ғылымдарының докторы, РҒА СБ В.С. Соболев ат. геология және минералогия Институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, (Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).