Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің акт залында студенттік өмірдің ең жарқын әрі көптен күткен іс-шараларының бірі - «Бірінші курс таланттары - 2025» байқауының гала-концерті өтті. Үш конкурс күні бойы бірінші курс студенттері вокал, хореография, әзіл және оригиналды жанрлар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең үздік нөмірлер гала-концертте ұсынылып, қатысушылар байқаудың құрметті марапаттары мен басты атағы үшін бақ сынады. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында байқаудың бас демеушісі - «Kazzinc» ЖШС басқарушы директоры Лазарев Андрей Павлович, университет басшылығы, мектеп декандары, сондай-ақ «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары болды.

Байқау қорытындылары

  • Үздік оригиналды жанр - FORMATION
  • Мистер-Dance 2025 - Сеилханов Бахтияр
  • Үздік эстрадалық вокал - Бейсенбек Мерей (GORMET)
  • Үздік Жайдарман командасы - FTB
  • Мисс-Dance 2025 - Рустемқызы Жасмин
  • Үздік көркем сөз - Мырзағали Іңкәр
  • Үздік халық биі - FTB
  • Үздік халық вокалы - FTB («Тау ішінде»)
  • Үздік техникалық безендіру - GORMET
  • Мистер-Талант 2025 - Робенко Богдан
  • Үздік сюжеттік би - FTB
  • Үздік аспаптық нөмір - FTB
  • Жүргізушілердің үздік таныстырылымы - FORMATION
  • Мисс-Талант 2025 - Абишева Карина
  • Үздік КВН командасы - GORMET
  • Үздік эстрадалық би - FORMATION
  • Үздік бейнеролик - FTB («Magic Room»)
  • Үздік конферансье - Еренғаип Кобланды
  • Үздік заманауи би - GORMET
  • «Бірінші курс таланттары - 2025» байқауының жеңімпазы - GORMET

   Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! FORMATION, FTB және GORMET шығармашылық ұжымдарына жарқын қойылымдары, жоғары кәсібилігі мен ұмытылмас әсерлері үшін алғыс білдіреміз!

Келесі жылы қайта көріскенше - алда әлі талай талант пен шабыт бар!