Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бастамасы, сондай-ақ Green Campus және ReStart жобалары аясында университетте пластик ыдыстарды жинауға арналған қосымша қабылдау нүктесі орнатылды.
Қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру мақсатында бигбэгтерге арналған арнайы ұстағыш сатып алынды, ал ReStart жобасы пластикалық бөтелкелерді уақытша жинақтап, кейін қайта өңдеуге жіберу үшін бигбэгтермен қамтамасыз етті. Аталған шара пластик қалдықтарының көлемін азайтуға және қызметкерлер мен білім алушылар арасында экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
Университет ұжымын бастаманы белсенді қолдауға және оқу кабинеттері мен жұмыс орындарында пластикалық бөтелкелерді бөлек жинауға арналған экобокстар орнатуға шақырамыз. Экобокстар тек пластикалық бөтелкелерді жинауға арналған және қайталама шикізатты жинақтаудың ұйымдасқан әрі эстетикалық тұрғыдан тиімді жүйесін қамтамасыз етеді.
Жиналған пластикті қайта өңдеуге екі жолмен тапсыруға болады:
- университеттің бірінші қабатында орналасқан фандомат арқылы, бонус алу мүмкіндігімен;
- университет қызметкерлері тарапынан орталықтандырылған түрде шығару арқылы, кейін бигбэгтерге тиеп, қайта өңдеуге жіберу.
Аталған бастаманы іске асыру қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, тазалық құндылықтарын орнықтыруға және қоғамды нақты экологиялық іс-әрекеттерге тартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі міндеттеріне толық сәйкес келеді.