Ғылыми сапар барысында «Digital Social Research» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының зерттеушілері İstanbul Üniversitesi Merkez Kütüphanesi (Стамбұл университетінің орталық кітапханасы), İstanbul Üniversitesi Edebiyat Fakültesi Kütüphanesi (Стамбұл университетінің әдебиет факультеті кітапханасы), İstanbul Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Kütüphanesi (Стамбұл университетінің теология факультеті кітапханасы), сондай-ақ Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü Kütüphanesi (Түркітану зерттеулері институтының кітапханасы) қорларында жұмыс жүргізді.

Кітапханалардың ақпараттық ресурстарымен жұмыс барысында отбасы мәселелері мен осы институттың трансформациясына арналған ғылыми жарияланымдармен танысты. Соңғы елу жыл ішінде отбасы институттарын зерттеуге маманданған түрік ғалымдарының еңбектері зерделенді. Оның ішінде жоба үшін ерекше қызығушылық тудырған еңбектер:

  • Çiğdem Kağıtçıbaşı. Family, Self, and Human Development Across Cultures: Theory and Applications.
  • Nermin Abadan-Unat. Women in Turkish Society, Social Change and Turkish Women және басқа да еңбектері.

Аталған монографиялық зерттеулерді талдау Түркиядағы және одан тыс аумақтардағы отбасы институттарының қазіргі жағдайы мен даму үрдістері туралы терең түсінік алуға мүмкіндік береді.

«Digital Social Research» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы