2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Карьера орталығы «Металлургия», «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері үшін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның Көрме-ақпараттық орталығына экскурсиялар және кәсіпорын басшылығымен, HR қызметімен кездесулер ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің қала құраушы кәсіпорынмен тиімді өзара іс-қимыл алаңын қалыптастыру, кәсіпорын қызметі, кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндіктері, дуальды оқыту және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы өзекті ақпарат алу.
Зауыттың туған күні алғашқы дайын өнім – торий оксалатының партиясы шығарылған 1949 жылғы 29 қазан болып саналады. Үлбі металлургиялық зауыты атом энергетикасы, электроника, металлургия өнеркәсібі және басқа да салалар үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіруші болып табылады. Бір алаңда осындай өндірістердің біріктірілуі әлемде теңдесі жоқ құбылыс. 1997 жылдан бастап кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы АҚ құрамына кіреді.
Студенттер зауыт құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі ядролық материалдар мен сирек түсті металдар өндірісінің негізгі даму бағыттары туралы жан-жақты ақпарат алды. Экскурсияға қатысушылар өнімдерді қолмен ұстап көріп, ерекше қызығушылық танытқан экспонаттардың бірі – Монет сарайының көрме модулі болды. Өндіріс жайында да, «ҮМЗ»-ны таңдау кезіндегі кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы да барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның басты капиталы мен құндылығы – кәсіпорынның көпжылдық мінсіз қызметі барысында қалыптасқан ұжымы. Кадрларды іздеу және іріктеу үшін «ҮМЗ» АҚ HR-Recruiting автоматтандырылған жүйесінде бос жұмыс орындары туралы ақпарат орналастырады. Персоналды іріктеу нақты уақыт режимінде жүргізіледі, мұнда өтінімнің қаралу барысын және кері байланысты бақылауға болады.
Осындай іс-шаралар білім алушылардың болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.