Университет ұжымы мен колледж студенттері Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына қосылды. Өскемен қаласындағы негізгі жиналу орны Жамбыл Жабаев атындағы орталық саябақ болды.
Сенбілік аясында біздің еріктілер, белсенділер және бөлім қызметкерлері облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге қалалық қызметтермен күш біріктіріп, маңызды саябақ аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты.
Мұндай акцияларға қатысу — тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, сонымен қатар өңірімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрақты дамуға нақты үлес қосу болып табылады.
Біз туған қаламыздың тазалығына қамқорлық жасау әрбір адам үшін жақсы дәстүрге айналуы тиіс деп сенеміз.